"Қаратау" фольклорлық ансамблі

Қаратау фольклорлық ансамблі — Оңтүстік өңірінің күйшілік мектебі мен шертпе күй дәстүрін жаңғыртушы бірегей ұжым. Ансамбль 2024 жылы «Шымкент концерт» концерттік ұйымының жанынан құрылды.

Ұжымның көркемдік жетекшісі — Санат Жантілеуұлы Әбілхан. Ансамбль музыкалық мұраны, соның ішінде Сүгір, Төлеген Момбеков, Жаппас Қаламбаев сынды ұлы шеберлердің ізін жалғап, ғасырлар қойнауынан жеткен дәстүрлі күйшілік пен әншілік өнерді аманат ретінде болашаққа жеткізіп келеді.


Ұжым құрамы және репертуары:

Ансамбль қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын кәсіби деңгейде меңгерген 13 жоғары білікті өнерпаздан тұрады. Құрылғанына аз уақыт болса да, ұжымның репертуарлық қоржыны айтарлықтай бай. Бүгінде ансамбль қорында 70-ке жуық күйлер мен халық әндері бар. Әрбір туынды өңірлік ерекшелікті сақтай отырып, фольклорлық нақышта орындалады.


Халықаралық жетістіктері:

«Қаратау» ансамблі аз уақыт ішінде әлемдік сахналарда бой көрсетіп үлгерді:

* Африка төріндегі өнер: 2025 жылы ансамбль Солтүстік Африка континентіндегі Марокко Корольдігінің Загора қаласында өткен «Халықаралық транссахаралық кинофестиваліне» қатысты.

* Ұжым фестивальдің ашылу және жабылу салтанаттарында, сондай-ақ ауқымды концерттік іс-шаралар аясында өнер көрсетіп, шетелдік көрерменді қазақтың қоңыр үнімен тәнті етті.

Бүгінде «Қаратау» фольклорлық ансамблі — ұлттық өнердің өміршеңдігін дәлелдеп, қазақтың қасиетті күйлерін әлемдік деңгейде насихаттап жүрген рухани орталық.




  • Дүйсебаев Досжан
  • Жақсыбай Олжас
  • Жарылқасын Балқадиша
  • Керімбекұлы Мирас
  • Құрманбек Айдана
  • Нұржан Шүкірәлі
  • Отан Әбілқайыр
  • Өскенбек Айкен
  • Рысқұлбек Бейбіт
  • Санат Әбілхан
  • Сәтім Ернар
КОНТАКТЫ
Справочная служба;
8 700 646 35 09
Касса
8 771 224 18 88
По залу
8 747 694 9696
По концертной организации "Шымкент концерт"
Все фотографии, тексты и видеоматериалы принадлежат их владельцам и использованы для демонстрации. Пожалуйста, не используйте контент шаблона в коммерческих целях.
Made on
Tilda